Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда шетелдік банктердің филиалдарына қойылатын талаптар жеңілдетіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік банктердің филиалдарына қойылатын талаптар жеңілдетіледі

09.04.2025
1 мин
0
69
Сурет: www.gov.kz

Мәжіліс қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатымен әзірленді. Ол қаржы секторына кәсіби кадрларды тартуға жағдай жасауға, қаржы секторындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға және лицензиялау рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған.

Заң нормалары Қазақстанда шетелдік еншілес банктер мен олардың филиалдарын ашу талаптарын ырықтандыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, шетелдік банктің жиынтық активтерінің ең төменгі көлеміне қойылатын талап 20-дан 10 миллиард АҚШ долларына дейін төмендетілді.

Бейрезидент банктің уәкілетті органға тапсыруы тиіс құжаттар тізімі де қысқартылады. Шетелдік банктердің филиалдары үшін банк қызметітүрлерінің тізімі керісінше кеңейтіледі. Енді оларға жеке тұлғалардың депозиттерін тарту, төлем карточкаларын шығару, валюта айырбастау операциялары, синдикатталған қаржыландыру және басқа да қызметтерді көрсетуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар қазақстандық банктерге қойылатын кей талап, оның ішінде банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде жеке ғимараттыңболуы, тиісті персоналды жалдау, сондай-ақ цифрландыруды дамытуға байланысты лицензиялау рәсімдері аясында жекелеген құжаттарды ұсыну талаптары алынып тасталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл