Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды. Бұл туралы Сенат қабылдаған жаңа заңға сәйкес белгілі болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа заң “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” деп аталады.
Сенатор Әсем Рахметованың айтуынша, құжат спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру және әкімшілік реформаның екінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Ол орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыреттерді нақты бөлуге бағытталған.
Заңға сәйкес келесі негізгі өзгерістер енгізілді:
Сонымен қатар, халықаралық жарыстарға қатысатын бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі спортшыларды алып жүретін адамдардың шығындарын өтеу заңнамалық түрде бекітілді. Сондай-ақ спорттық медицинаны дамытуға бағытталған шаралар қабылданды.
Спортшыларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету және спорттық медицина мен оңалту саласында заманауи технологияларды енгізу мақсатында ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымын мемлекеттік кәсіпорын ретінде құру ұсынылды.
Мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібіне де өзгерістер енгізіліп, бұл Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ әлем чемпиондарын және олардың жаттықтырушыларын қамтитыны нақтыланды.
Сонымен қатар, заң аясында орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыреттерді ажыратуға қатысты түзетулер енгізілді.