Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында 1917 жылы 5 желтоқсан мен 12 желтоқсан аралығында Әлихан Бөкейханов Алаш республикасы үкіметінің төрағасы болып сайланғанын айтты.
Сол себепті 12 желтоқсанда Алаш күнін мемлекеттік деңгейде атап өту ұсынылды.
"Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толады. Естеріңізге салайын, 29 маусымда "Ақ жол" фракциясы бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өтуді талап етіп, депутаттық сауал жолдаған болатын. Бізге бұл мәселенің көтерілгенін айтты. Құзырлы министрліктерге тапсырылды. Бірақ, өкінішке қарай, бұл тарихи дата тағы да назардан тыс қалды", - деді депутат.