Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Құжатқа сәйкес, билет бағасы барлық қазақстандық театрларда, соның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында, Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрында, Мемлекеттік академиялық театрда, Мүсірепов атындағы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театры, Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы қымбаттайды.
Бұл спектакльдерді құру және пайдалану құнының өсуіне реквизиттер жасауға арналған материалдар құнының өсуі, электр энергиясының, декорацияны жөндеу және құруға арналған қызметтер мен материалдардың, коммуналдық қызметтер, көлік қызметтері құнының өсуі әсер етті.
Осының барлығы театр билеттерін ағымдағы бағамен сатудан түсетін кірістің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқты және театрлардың өндірістік қажеттіліктерге жұмсалған өз қаражатын өтеу мәселесі туындады.
“Театрлар мен концерттік ұйымдар коммуналдық төлемдерді, материалдық құндылықтарды, жанар-жағармай материалдарын, ақпараттық қызметтерді, жабдықтар мен ғимараттарды ұстау мен жөндеуге, IT-технологиялар шығындарын төлеуге өз кірістерін пайдаланады”, – деп түсіндірді мәдениет және спорт министрлігі.