Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу төлемі 12,3% көтерілген

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу төлемі 12,3% көтерілген

01.10.2024
1 мин
0
79
kapital.kz

Қазақстанда қыркүйекте жылдық инфляция 8,3%, айлық инфляция 0,4% болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Баға өсімі тамыздағы көрсеткіштерден бәсеңдеген. Айлық инфляция өткен айдағы 0,6%-ға қарағанда 0,4%-ға дейін төмендеген.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,6% (тамызда – 13,6%), азық-түлік емес тауарларға – 7,6% (тамызда – 7,7%), азық-түлік тауарларына – 5,1% өскен (тамызда – 5,5%).

 

2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33%, суық суға – 29,4%, су бұруға – 24%, электр энергиясына – 23,7%, қоқыс шығаруға – 18,1%, ыстық суға – 17,4%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 12% қымбаттаған.

Тұрғын үйді жалға алу төлемі 12,3% көтерілген. Сондай-ақ байланыс қызметтеріне – 15%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 9,3%, білім беру қызметтеріне 8,7% жоғарылаған. Жолаушылар үшін әуе көлігі билеттері – 16,8%, такси – 12,2%, қалалық автобус – 11,7%, теміржол көлігі қызметі 9,5% қымбаттаған.

Инфляция 11 өңірде республикалық орташа деңгейден асқан. Олардың ішінде ең жоғарысы – Астанада (10,3%), Маңғыстауда (9,8%) және Шығыс Қазақстан (9,2%) облысында қалыптасқан.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл