Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда түрмелерде 34 000-нан астам адам жазасын өтеуде. Олардың өмір сүруіне бюджеттен әр адамға жылына 1 600 000 теңге бөлінеді, яғни 55 000 000 000 теңгеге жуық. Бұл деректерді Мәжіліс отырысында депутат Руслан Берденов келтірді.
Депутат халықаралық тәжірибені мысал етті. АҚШ-та 150-ден астам кәсіпорында түрмеде отырған адамдар жұмыс істейді. Олар 531 000 000 доллар кіріс алып келеді. Берденов Ішкі істер министріне осы тәжірибе Қазақстанда қолданыла ма, түрмеде отырған азаматтардың қанша пайызы жұмыс істеп, бюджетті үнемдеуге үлес қосуда деп сұрақ қойды.
«Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі күрделі процесс, оңай емес. Біз колонияларда жұмыс істейтіндердің санын көбейтуге тырысамыз, осылайша олар талап бойынша төлемдерін жасап, өз қажеттіліктеріне ақша таба алады. Бұл мәселемен тұрақты түрде айналысамыз. Бүгінгі таңда сотталғандардың шамамен 60 %-ы жұмыспен қамтылған», - деп жауап берді Ішкі істер министрі Игорь Лепеха.