Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҰБТ-да 140 балл алған ауыл мектебінің түлегі пәтермен марапатталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары балл жинаған түлек – Түркістан облысының тұрғыны Жәнібек Әбілхан.
Бұған дейін Жәнібек білім алған оқу орталығы 140 балл жинаған оқушыға пәтер сыйлайтынын хабарлаған болатын. Бүгін орталық өкілдері мектеп бітірушіге пәтер сертификатын ресми түрде табыстады.
Орталықтың айтуынша, пәтер Жәнібек оқуға түсетін қалада сатып алынады.
Сондай-ақ жоғары көрсеткіші үшін оған iPhone смартфоны, ноутбук, теледидар және басқа да құнды сыйлықтар тарту етілді.
Жәнібек Әбілхан – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауылда орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі. Ол көпбалалы отбасында тәрбиеленген.
ҰБТ-да бейіндік пән ретінде информатиканы таңдаған Жәнібек – биыл Қазақстанда ең бірінші болып ең жоғары 140 баллға қол жеткізген оқушы.