Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда үш жыл ішінде пәтер 40%-ға қымбаттады
Жаңалықтар

Қазақстанда үш жыл ішінде пәтер 40%-ға қымбаттады

15.02.2024
1 мин
0
379
Фото: krisha.kz

Соңғы үш жылда Қазақстанның екінші нарығында пәтер құны шамамен 40%-ға өскен. Бұл туралы 2021-2024 жылдар аралығындағы ұсыныстарға талдау жасаған Krisha.kz сарапшылары мәлімдеді. Қорытынды бойынша бағаның барлық өңірде өскені байқалады.

Мұндай қымбатшылыққа сұраныстың артуы, зейнетақы қорынан ақша алуға рұқсат беру, доллар бағамының өсуі, құрылыс материалдарының қымбаттауы мен 2022 жылы құрылыс қарқынының бәсеңдеуі ықпал еткен.

Еске сала кетсек, 2021 жылы Қазақстан билігі зейнетақы қорынан шектік мөлшерге жеткен жағдайда ақша алуға рұқсат берген еді. Көріп отырғанымыздай, салдары үй бағасының шарықтауына әкеліп соқты. Бір жылда қазақстандықтар шамамен 2 500 000 000 000 теңге шешіп алған. Тұрғын үймен байланысты мәміле саны алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе, яғни 609 000-ға өскен. Екінші нарықта пәтер құны 27%-ға өссе, жаңа үйлер тіпті 40%-ға қымбаттап үлгерген.

2022 жылы билік қордан алуға рұқсат берілген соманы 70% арттырғандықтан, зейнетақы қорына жүгінген, үй іздеген халықтың қарасы азайып қалды. Алайда құрылыс материалдары мен жұмыс ақысы көтеріліп, баспана құны да шарықтай берді. Бір жылда мүлік иелері қолдан сатқан пәтерлердің орташа бағасы тағы 10%-ға өскен.

2023 жылдың І тоқсанында тұрғын үй бағасы аздап көтерілгенмен, жаз аяғына қарай қайта түсті, ал күзде мүлде тоқтап қалды, қыс мезгілінде де аса өзгеріс байқалмады. Бір жылда небәрі 1.1%-ға ауытқыған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл