491.68
568.23
6.2
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда заңсыз контентті таратуға қатысты жаңа талаптар енгізілуі мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстанда заңсыз контентті таратуға қатысты жаңа талаптар енгізілуі мүмкін

12.03.2026
мин
0
132

Қазақстанда интернет кеңістігін бақылауға қатысты жаңа ережелер жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Бұл құжат заңға қайшы контентті анықтау және оның таралуын шектеу мақсатында әзірленген. Егер ереже қабылданса, тыйым салынған ақпаратты жариялаған адамдар ғана емес, оны әлеуметтік желілер арқылы таратуға қатысқан қолданушылар да жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 2026 жылдың 5 наурызынан бастап талқылауға шығарылды. Қоғамдық пікірталас 20 наурызға дейін жалғасады. Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі дайындаған.

Ұсынылып отырған қағидаларға сәйкес, уәкілетті мемлекеттік орган ақпараттық кеңістікті, соның ішінде интернет желісін тұрақты түрде бақылап отырады. Мұндай мониторингтің негізгі міндеті – заңсыз контентті анықтап, оның таралуын шектеу немесе қажет болған жағдайда бұғаттау шараларын қолдану.

Жоба 2025 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң талаптарына сүйене отырып әзірленген.

Құжатта интернеттегі заңсыз материалдарды анықтау және олардың таралуына жол бермеу мәселесі басты назарға алынған. Сондықтан тек заңға қайшы ақпаратты жариялау ғана емес, оны басқа қолданушыларға тарату немесе бөлісу де жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Мамандардың пікірінше, бұл талаптар әлеуметтік желілердегі репост жасау немесе белгілі бір материалды бөлісу жағдайларына да қатысты болуы ықтимал. Яғни қолданушы мұндай ақпаратты өзі жазбаса да, оны таратуға көмектессе, жауапқа тартылуы мүмкін.

Жоба авторлары жаңа ережелердің негізгі мақсаты – интернет кеңістігіндегі заңсыз контенттің таралуын шектеу екенін атап өтеді. Құжат қабылданған жағдайда, онда қарастырылған шаралар нормативтік-құқықтық акт күшіне енгеннен кейін іске асырылады. Сонымен қатар әзірлеушілер бұл өзгерістер қоғамға немесе экономикаға кері әсер етпейді деп есептейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл