| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде курьер атын жамылған алаяқтар көбейіп келеді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бейтаныс адамдар тұрғындардың есігін қағып, “сәлемдеме әкелдік” деп, оны алу үшін 1414 нөмірінен келген SMS-кодты айтуын сұрайды. Кей жағдайларда олар несие рәсімдеп, кейін жойылады деген желеумен адамдарды алдап, атына несие рәсімдеп үлгереді.
Ішкі істер министрлігі мұндай айла-шарғылардан сақ болуды ескертеді. Ведомство мамандарының айтуынша:
ешкімге SMS-кодтар мен жеке деректерді беруге болмайды;
күдікті хабарламалар мен қоңырауларға жауап қатпау қажет;
жеке мәліметтеріңіз таралған жағдайда, ЭЦҚ-ны (электронды цифрлық қолтаңба) қайта рәсімдеген жөн.
Мамандар алаяқтардың әдісі күн сайын түрленіп жатқанын айтып, азаматтарды барынша қырағы болуға шақырады.