Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда Sundet Toi мен «Белка және стрелка» коллекциялық монеталары пайда болды. Ұлттық банк шығарған монеталардың номиналы 100, 200 және 500 теңге.
Номиналы 500 теңгелік монета күмістен жасалса, 200 теңгелігі мельхиор қоспасынан, 100 теңгелік монеталар нейзильбер қоспасынан дайындалған.
«Ғарыш» монеталар сериясын жалғастырған «Белка мен Стрелка» коллекциялық монеталары Белка мен Стрелка иттерінің қазіргі Қызылорда облысында орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшқанына 60 жыл толуына орай жасалды. Белка мен Стрелка орбитаға жіберіліп, Жерге аман қайтып келген космонавт иттер екенін еске саламыз. Олар ұшқан ғарыш кемесі «Восток» деп аталған.
«Белка мен Стрелка» монеталарында адамзат пен ғаламшарды, өткен мен бүгінді байланыстыратын композиция мен Белка мен Стрелканың бейнесі бар.
Ал Sundet Toi монеталары ежелден келе жатқан дәстүрімізге арналған. Монетада салттың композициялық суреті, шаңырақ бейнесі, ұлттық ою-өрнек элементтері бар.
«Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады» делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Айта кетерлігі, монеталардың айналымға шығу күні Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланатын болады.
Тағы көру