Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында көктемде құны 3 млрд теңгені құрайтын өндіріс іске қосылады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі хабарлағандай, жоба құрылысы басталып кеткен. Кәсіпорынның ашылуы 2021 жылдың көктемінде жоспарланып отыр. Жоба құны - 2,8 млрд теңге.
Ақпаратқа сүйенсек, кәсіпорында айына 1 тонна жеміс, көкөніс өнімдерін өңдеу, мұздату, буып-түю мен таңбалау жоспарланған. Бір мезгілде 4 мың тонна өнім сақталатыны айтылған. Сонымен қатар, жаңа өндірісті іске қосу барысында 82 адам жұмыспен қамтылмақ.