Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары кезең-кезеңімен аяқталып, келесі жылы жаңа бағдарламалар іске қосылады. Бұл туралы брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
Оның айтуынша, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы Отбасы банкі тарапынан іске асырылуда. Қазіргі кезде баспаналы болу мүмкіндігін кеңейту мақсатында қыркүйек айына арнайы мәжіліске заңнамалық құжаттар әзірленіп жатыр.
«Отбасы банкінің мүмкіндіктері кеңейіп, азаматтардың санаты бойынша баспана алуға жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Яғни, бұрын үй кезегінде тұрған барлық қатысушыларға талап бірдей болса, қазір азаматтарды санаты және табысы бойынша бөлуді ұсынамыз. Өйткені баспана кезегінде тұрған азаматтар арасында мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік қамтамасыз етілген басқа да санаттар бар», - деді ол.
Вице-министр жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі енгізілетінін атап өтті.
«Баспана алуға мүмкіндігі бар азаматтар 2%-пен, ал табыс көзі жоғары санат 5%-тен сәл жоғары мөлшерлемемен баспана ала алады. Тұрғын үй алудың осындай сатысын іске қосамыз», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Сондай-ақ ол «7-20-25» және «Баспана хит» тұрғын үй бағдарламалары келесі жылдан бастап нарықтан кезең-кезеңімен жабылатынын еске салды. Ол қазақстандықтар арасында жоғары сұранысқа ие болған қайталама нарықтан үй сатып алуға мүмкіндік беретін «Баспана хит» бағдарламасы жабылғанымен, бастапқы тұрғын үйлердің салыну маңыздылығын айтты. Алдағы уақытта Отбасы банкінің мүмкіндіктерін ұлғайту немесе екінші деңгейлі банктерге нарықтың осы сегментін ұстап, азаматтарға тұрғын үй алуға мүмкіндік берілетінін атап өтті.
Тағы көру