Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жасанды инттелект туралы заң жобасы әзірленіп жатыр
Жаңалықтар

Қазақстанда жасанды инттелект туралы заң жобасы әзірленіп жатыр

05.04.2024
1 мин
0
411
Фото: freepik.com

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында жасанды интеллектің одан әрі дамуы туралы айтылды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсбі министрлігінің инновацияларды дамыту департаментінің директоры Дархан Мырзабаев атап өткендей, норма шығару базасын құру және бекіту шеңберінде ведомство жасанды интеллект стратегияларын әзірлеу саласындағы халықаралық тәжірибені талдау негізінде 2024 – 2029 жылдарға арналған жасанды интеллекті дамыту тұжырымдамасының жобасын қалыптастырды.

Тұжырымдама жобасы ағымдағы ахуалды талдау, халықаралық тәжірибеге шолу жасау, жасанды интеллекті дамытуды іске асыруды пайымдау, саланы дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін, нысаналы индикаторларды және күтілетін нәтижелерді қамтиды. Сондай-ақ, тұжырымдама жобасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау көзделген, ол 5 негізгі бағыттан тұрады: Инфрақұрылым, деректер, адами капитал, ҒЗТКЖ, жасанды интеллект экономикасы.

«Сонымен қатар Министрлік ведомство сараптамалық қоғамдастық және ҚР Парламенті Мәжілісінің Парламентаризм институтымен бірлесіп, цифрландырудың басты қағидаттарын бекітетін тұтас салалық құжатты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Цифрлық Кодексті әзірлеу заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспарының жобасына енгізілді. Бұл құжат келесі блоктардан тұрады: Жалпы ережелер (тұжырымдамалық аппарат, негізгі міндеттер мен принциптер, құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, құқықтар мен міндеттер), негізгі бөлім (цифрлық үкімет, деректер, ЖИ, цифрлық инфрақұрылым және құралдар, киберқауіпсіздік). Осы құжат шеңберінде жасанды интеллект технологияларын қолдану, жасанды интеллект жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі нормалар, жасанды интеллект этикасы қағидаттары, жасанды интеллект технологияларын пайдалану саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көзделетін болады», - деді спикер.

ҚР Мәжіліс депутаттары Министрлікпен бірлесіп, ҚР аумағында жасанды интеллекті құру, дамыту және пайдалану кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын жасанды интеллект саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заң жобасын әзірлейтінін атап өткен жөн.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл