Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2022 жылғы 29 қыркүйекте қабылданған "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, желтоқсан айында мереке күндерінің саны екі күнге қысқарады.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.
Сонымен қатар биылдан бастап Тәуелсіздік күні бір күн ғана – 16 желтоқсан күні тойланады. Заңның бұрынғы редакциясында екі күн демалыс болған еді: 16 және 17 желтоқсан.
Осыған орай қазақстандықтар желтоқсан айында өткен жылдарға қарағанда, аз демалады. 1 және 17 желтоқсан жұмыс күндеріне айналды.
Ал 25 қазан – Республика күні жаңа ұлттық мерекеге айналды.