Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан еліміздің жолдарындағы апаттылық жағдайы алаңдаушылық тудырып отыр, – деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Алты ай ішінде біз 1,5 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалғанымызға қарамастан өткен жұма сенбі, жексенбі күндері шамамен 25 адамнан айырылып қалдық. Қала маңындағы трассаларда үш немесе одан да көп адам шығынымен орын алған жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткені ерекше алаңдатады», – деді ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Бүгінгі таңда еліміздің жолдарында 1 022 адам қаза тауып, 7 370 адам жарақат алған.
Мәселен, 15 шілдеде Абай облысында Lada автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, автомашинаның аударылуына жол берді. Апат салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам түрлі жарақат алды. 16 шілде сағат 15:00 шамасында Доссор – Құлсары – Бейнеу республикалық маңызы бар автожолында Chevrolet Сobalt жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеті адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Осы апта да жол-көлік оқиғаларынан басталды. Кеше таңертең Түркістан облысында, Шаян ауылының маңында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды. Екпінді – Созақ облыстық маңызы бар тас жолында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Сrafter көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан көлік құралдары қас қағым сәтте өртке оранды. Оқиға орнында 10 адам қайтыс болды, 12 адам ауруханаға жеткізілді.