Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандағы АЭС құрылысы: аяқталу мерзімі мен болжамды құны аталды
Жаңалықтар

Қазақстандағы АЭС құрылысы: аяқталу мерзімі мен болжамды құны аталды

27.06.2025
1 мин
0
206

Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясының құрылысы шамамен 7 жылға созылады. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Сәтқалиев АЭС құрылысының аяқталу мерзіміне қатысты болжаммен бөлісті.

- Конкурс шарттарына сәйкес, құрылыс алаңына шыққан күннен бастап жобаға шамамен 7 жыл қажет болады, – деді агенттік басшысы.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Ресей арасында алғашқы атом электр станциясына қатысты үкіметаралық келісімді 2025 жылдың соңына дейін жасау жоспарланып отырғанын атап өтті.

- Біз бұл келісімді жыл соңына дейін бекітуді көздеп отырмыз, – деді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, болашақ АЭС жобасының нақты құны әлі анықталмаған. Қазіргі таңда тек жеткізушілер ұсынған алдын ала есептеулер бар.

- Құны техникалық-экономикалық негіздеме аясында нақтыланады. Қазір бізде конкурстық рәсімдер шеңберінде вендорлар ұсынған жобалық параметрлер ғана бар. Бірақ оларды жариялау мүмкін емес – бұл ақпарат құпиялылық келісімдерімен қорғалған. Дегенмен, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай станциялардың бағасы кемінде 14 миллиард долларды құрайды, – деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл