| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыұлттық конкурс өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылғы 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында eGov Mobile платформасында өткен байқауға 16 жастан асқан 27 157 қазақстандық қатысты. Әр қатысушы бір ғана атау ұсына алды, барлығы 10 460 бірегей нұсқа іріктелді.
Конкурс комиссиясының қорытындысында ең көп ұсыныс жинаған «Балқаш» атауы жеңімпаз деп танылды. Оны 882 азамат ұсынған. Комиссия ең танымал 100 атауды қарастырып, ресми атауды анықтады.
Сонымен қатар, атом электр станциясының ресми атауының орыс және ағылшын тіліндегі нұсқалары да бекітілді:
- Атомная электростанция «Балхаш»
- Balkhash Nuclear Power Plant.