Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандағы аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік көмек - барлық сұрақтарға жауап
Жаңалықтар

Қазақстандағы аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік көмек - барлық сұрақтарға жауап

10.09.2021
1 мин
69
13969

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек отбасының табысы кедейлік шегінен төмен болған жағдайда тағайындалады. Бірақ бірқатар ескеретін жайттар бар, деп хабарлайды Stan.kz.

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалады?

Атаулы әлеуметтік көмекке Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, босқындар, азаматтығы жоқ адамдар, тіпті шетелдіктер де үмітті бола алады. 

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудағы басты критерийлердің бірі – кедейлік шегі. Қазақстанда кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрайды. Әр аймақ бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі экономикалық жағдайға қарай жекелей анықталады. 

Мәселен, Маңғыстау облысында бірінші тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейі айына 39 211 теңге, Нұр-Сұлтанда – 37 725 теңге, Алматыда – 36 425 теңге, Шығыс Қазақстан облысында – 34 858 теңге, Алматы облысында – 34 440 теңгені құрады. 

Сәйкесінше, Маңғыстау облысында кедейлік шегі (27 447,7 теңге) Алматы облысымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары (мұнда кедейлік шегі 24 108 теңге болды).

Орта есеппен алғанда елдегі кедейлік шегі 2021 жылдың I тоқсанында – 25 520 тенгені құраған. 

Кімге атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін?

Табысыңыз кедейлік шегінен жоғары болған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындалмайды. 

Сонымен қатар, мемлекет ұсынған жұмысқа орналасудан бас тартқан отбасыларға көмек көрсетілмейді.

Аталған ережелер кейбір топтағы адамдарға қатысты емес. Олар: 

- үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болғандар;

- мүгедек балаға күтім жасайтын отбасы мүшесі, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек, сырттан көмекке мұқтаж қарт адам.

Денсаулығы нашар адамдар жұмыс істеуге міндетті емес. Олардың қатарына бірінші және екінші топтағы мүгедектер, сондай -ақ екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздық парағын ұсынғандар жатады.

Жұмыссыз және күндізгі бөлімде оқуға рұқсат етіледі (оның ішінде курсанттар, магистранттар, интерндер, докторанттар мен аспиранттар бар).

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды қасақана жалған ақпарат пен нақты емес құжаттарды ұсынудан аулақ болуға шақырады. Егер мұндай құқық бұзушылықтар анықталса, өтініш берушіге АӘК тағайындалмайды. 

Отбасының қандай табысы есепке алынады және қайсысы ескерілмейді?

АӘК тағайындау кезінде бір тұрғылықты жерде тіркелген және ортақ шаруашылықты басқаратын барлық адамдар отбасына қосылады. Бұл ретте мемлекет тарапынан толық қолдау алатын адамдар отбасынан шығарылады. Олар әскери қызметтегі, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы, түрмеде немесе әскердегі адамдар.

Жиынтық табысты есептегенде отбасы мүшелерінің кірісі ескеріледі. Бұл – жалақы, зейнетақы, қосалқы шаруашылық жүргізуден алынған ақша, кірістен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер. 

Жәрдемақының барлық түрлері есепке алынады. Атап айтсақ: көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, бір жасқа дейінгі балаларға күтім бойынша жәрдемақылар, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне берілетін жәрдемақылар, зиянды және ауыр жағдайда жұмыс істеген адамдарға берілетін жәрдемақылар, мүгедектік, жұмысынан айырылу, асыраушысынан айырылу, жетім балалардың қамқоршыларына жәрдемақы, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге берілген балаларды асырау үшін төлем.

АӘК тағайындау кезінде табыс ретінде қарастырылмайды:

1) атаулы әлеуметтік көмек;

2) тұрғын үй көмегі;

3) жерлеуге біржолғы гранттар;

4) 7 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

5) 7 жастан асқан I, II, III топтағы мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

6) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;

7) 16 жастан 18 жасқа дейінгі I, II, III топтағы мүгедек балаларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;

8) I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақылар;

9) шәкіртақы, оның ішінде студенттерге төленетін жеке стипендиялар;

10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;

11) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

12) қайырымдылық көмек;

13) жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемдер;

14) бағдарлама бойынша ерікті қоныс аударуға қатысушыларға бір реттік қоныс аудару төлемдері (отбасының әрбір мүшесі үшін);

Аз қамтылған отбасыларға қандай төлемдер қарастырылған?

Төленетін төлемдердің мөлшері отбасының әрбір мүшесі үшін кедейлік шегі мен отбасының табысы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Жан басына шаққандағы орташа табысты анықтау үшін отбасының барлық мүшелерінің 3 айдағы жалпы табысы қосылады.

Мысалы Алматыда тұратын үш баласы бар отбасыны алып көрейік. 

Отағасы 100 мың теңге табыс табады, ал отанасы жұмыс жасамайды. Отбасыда 5 адам бар. Демек, ай сайын отбасыдағы бір адамға 20 000 теңгеден тиеді. 

Алматыдағы кедейлік шегі 2021 жылдың бірінші тоқсанында 25 497,5 теңгені құрады.

Бұл отбасының әрбір мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмек 5 497 теңгені құрайды. Ай сайын отбасына 27 485 беріледі, бұл сома әр айдың 10-на дейін банк шотына аударылады.

Атаулы әлеуметтік көмек қаншалықты жиі тағайындалады?

Атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалып, қаралып отырады. Егер көмек мөлшерін қайта қарауға немесе төлемнің күшін жоюға негіз болатын мән-жайлар туындаса (жалақының өсуі, жұмысының өзгеруі, отбасы мүшесінің қайтыс болуы және т.б.), бұл туралы уәкілетті органға 10 күн ішінде хабарлануы қажет. 

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет дегеніміз не?

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет биылғы жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша балалары бар АӘК алушы аз қамтылған отбасыларға беріледі. 

Бір жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін жергілікті әкімшілік  азық -түлік пен тұрмыстық химия тауарларын сатып алып, үйіне апарып береді. 

Билік жылына бір рет 6 мен 18 жас аралығындағы балаларды мектеп немесе спорттық киіммен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етеді. Егер 18 жасында бала әлі мектеп оқушысы болса, онда ол да көмек көрсетілуі тиіс балалардың қатарына жатқызылады. 

Одан бөлек, мектеп оқушыларына ыстық тамақ беріледі және қоғамдық көлікте жеңілдіктер қарастырылған (билет бағасының кемінде 50%).

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қайда жүгінуге болады?

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарды электронды үкімет порталында онлайн рәсімдеуге болады. Бұл үшін электронды цифрлық қолтаңба мен Интернетке кіру қажет. Сіз сондай -ақ тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталықтарына немесе ауылдық округ әкімдіктеріне хабарласа аласыз.

 

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2623 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
69 Пікір
С
Сымбат 07.12.2021
Жалғыз басты анаға берілеме, 2бала,Нур-султан, алимент төлемейді, мені қорқытады осыдан берсең өлтіріп кетемін деп
Жауап беру
А
Айнұр 02.10.2021
Қайырлы күн! Менің сіңілім бар төрт баласы бар төртеуіде кішкентай биыл август айында үй кезегіне байланысты қалаға пропискаға тұрып еді, бірақ өздері ауылда тұрып жатыр ондай жағдайда Аэсп ала аладыма
Жауап беру
Г
Гаухар 22.09.2021
Мактаарал ауданы Мырзакент кентынде асп тагайындайтын акымшылыктын былыгын айтамын деп балеге калдым Небыр дукены жагдайы барлар алып,муктаждар шетте калып жатыр.Кокесы барлар алеуметтык алып,мугедек болмасанда мугедек деген кагаз туралап айласын асырып отырган небыр отбасылар бар.Арасында отырык ажырасып мать одиночка болып жургендер бар.Муктаждарга кым комек береды сонда.Осыларды айтамын деп казыр мены акымшылыктегы асп туралайтындар жандарына жолатпайды жемкорлар.Осы зансыздыкка тоскауыл бола ма жокпа.Аспнын тукке керегы жок Жумыс берындер халыкка
Жауап беру
Ж
Жансұлу 21.09.2021
Маңғыстау да 4баланың ақшасын дахотка қосып асп азайтп отр оған нестейміз
Жауап беру
д
данияр 12.10.2021
коспасын
Жауап беру
А
Ардак 20.09.2021
Менде торт бала озым инвалидпын мены алып тастады 1200.тенге асты деп сонда торт бала тамак ишпеиме кииым кимеиме дары дары дармек бар отын комыр бар уиде жок басымда сонда калаи баисын дид укмет 1200 асып кетсе мынау сумдыккои аспы да жарытып толеген жок 5000.мын.берып оныда сыпырып алды
Жауап беру
Ж
Жазира 14.09.2021
Мен жалғыз басты анамын үш баламен, үлкен қызым Ақтөбе де студент, екі баламмен Астана да пәтер жалдап тұрамын,ұлым 11 жаста түстен кейін оқыйды, қызым 8 жасар түске дейін оқыйды ,АСП дакумет тапсырсам маған жұмысқа шық дейді, мен жұмысқа шықсам,екі баламның тамағын, сабағын,мектептен қыз баламды кім әкеліп кім апарады, неге үкімет соны қарастырмайды.
Жауап беру
Х
Хамида 14.09.2021
Неге осы комек тек коп балалы отбасыларга бериледи. Менин 3 балам бар жалдамалы патер де турмыз бизге бир комек барма ози окиметтен
Жауап беру
Г
Гаухар 17.09.2021
Дурыс айтасыз. Менде де шукыр 3 балам бар, времянкада жалга турамыз. 1жолдасым кайтыс болган, быр бала бар, ал екыншы жолдасыммен ажырасып кеткенбыз. Асп тапсырайн десем прописка сурайды. Ал временная прописка казыр акылы жасацды. Алимент кагаз сурпйды. Ал балаларымнын акесы квартира акшасын берып турамын, чси артык акша бергенше сеедерге берейын деп озара келыскенбыз.. ондай да мемелекет тарапынан карастырылмаган... Кейде катты кысылганда не ыстерынды былмей кетемын, осы балапандарым деп ... Озымды сабырга шакырамын. Ал продукты багалары удай ашты болып осып келе жатыр.. амал жок, айтеуыр амалдап быр тиынды екыншы тиынга косып омир сурып жатырмыз. Катты кысылганда кредит алып коямын, кецннен толей алмай просрочкага кетпесын деп кредитты кредитпен жауып жатамыз. Арине бул дурыс емес..бырак...амал баска бар ма
Жауап беру
Г
Галия 13.09.2021
Квартира да турамыз. Уш балам бар. Айлыгымыз аз квартира тамактан аспайды. Оз баспанамыз болганын калаймын.
Жауап беру
Г
Гулнур 12.09.2021
Негизи АСП маселеси прописка баска калада ,озим Алматыда турамын алимент толемейди кудалап шаршадык
Жауап беру
А
Ақтолқын 12.09.2021
Баспанаға көмек бере аласызба,екі ұлым бар жалғыз басты анамын.Алматы қаласында пәтер жалдап тұрамын
Жауап беру
Г
Гулім 12.09.2021
Алименттен отказ бергем ажыраскам енд сол алименттен отказ бергенім үшін АСП ала алмай отыр дурыспа бурыспа осы жауап берсеңіз Мен баска аандай комек ала алам окіметттен
Жауап беру
Р
Роза 12.09.2021
Алименттолейтин акелер отирик айтпай табыстарын жасырмай баллары на толеу керек керек
Жауап беру
С
Салтанат 12.09.2021
Жалғыз басты анамын төрт балам бар мектеп формасын алып бералмай отырмын
Жауап беру
З
Зарина 12.09.2021
Есп толеген адамдар әлеуметтік көмек ала алама
Жауап беру
С
Салеметсіздерма.Мен жалғыз басты әиелмін. 4бала шағам бар. Екеуі тұрмыста бірақ. Жұмысқа денсаулығым да жарамайды. Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз. Өкіметтен ешқандай көмек алмағанмын. Мешіттен продукта, мектептен 30 мың алғанмын былтыр. Жүмыс істемегеннен АСП ны да бермеиді деиді. Қызым коледжге түсті грантқа. Ал кіші қызым мектепте 5ші сыныпта оқиды. 12.09.2021
Қандай жолдары бар для выживание
Жауап беру
М
Мөлдір 12.09.2021
Сәлеметсіз бе. Мен 4 баламен үйде отырған анамын.Күйеуім күзет болып жүмыс істиді.Ата енем пенсианер.Мен кандай көмек алааламын айтып жіберсеңіз.
Жауап беру
С
Салтанат 11.09.2021
АЛТЫ БАЛАМА ШЫҚПАДЫ МЕКТЕПКЕ ХОТЯ ФОРМАЛАРЫ. ИЛИ 325000теңге.сУРАСАМ айтады ,сіз кәсіпкерлік.былтыр555600 алғансыз дейді.не сонда байып кетті деме мені алты оқушым бар.олардың тармағы, киімі.малдың шөп ,жемі.и то бір сиырым өліп қалды.
Жауап беру
Г
Гаухар 22.09.2021
Маган да тап солай дейд,6баланын акшасы мен кумыс алка жетпей жатыр ма уялмайсыз ба дейд,байлар уялмай алганда неге мен уялуым керек екен дейм.Адылдык жок елде,барлыгы жемкорлар отырып алып шыгарып берем паленше бер деп отырады
Жауап беру
Ф
Фарида 11.09.2021
Жолдасымның пропискасы қалада , өзімнің бала шағаммен пропискам өзімніңкі обл маған асп берілема берілмейма
Жауап беру
А
Ақбөпе 11.09.2021
Мен жалғыз басты аламын жастайымнан әке-шешемнен айырылдым квартира да тұрам соған сізден көп болса жақсы болар еді маған
Жауап беру
Ж
Жадыра 11.09.2021
Жалғыз басты, балалары жок, бирак жағдайы жумыссыз отыргандыктан нашар адамдарга қандай комек алуга болады екен? Туралы жумыс болмашандыктан кредит толенбей усти устине жасырынып, типті енсени езип кетті гой бул((
Жауап беру
С
Салтанат 11.09.2021
2-топктагы мүгедектікке үй береме?Ол үшін өз атымда жылжымайтын мүлік болмауы керекпе?Канша уакытта кезекке турып үй ала аламын
Жауап беру
11.09.2021
Атыңызда үй болмау керек очередьке тұра аласыз цонға барып атыңызда мүлік жоқ деген справка шыгарып сол жерле тіркелесіз
Жауап беру
Р
Раушан 11.09.2021
Менің айтайын дегенім осы әлеуметтіік көмекті 1, 2 топтағы мүгедектерге берілеме. Мен мүгедекпін 2 топтағы.жолдасымла ауырады. Ұлым да мүгедек
Жауап беру
С
Саутбекова Бахтыгүл 11.09.2021
Менің 5 балам бар күйеүім жалдамалы жұмыс ыстиді Учотта тұратын балам бар оған пенсия амаимын калай алсам болады АСПні
Жауап беру
11.09.2021
Күйеуіңізде ай сайынғы пенсионный аударым болу керек айлық табысын өткізесіз справкасын өзіңіз 3 жасқа дейін бала күтімімен отыра аласыз 3 жастан асқасын сізде жұмыс істеуге міндеттісіз
Жауап беру
Б
Байларова Мақпал 11.09.2021
Менің 5балам бар мен ешқандай көмек алмаймын қалай алуға болады ауылда тұрамын
Жауап беру
А
Атында уй болса асп беріле ме? 11.09.2021
Дарениемен берілген уй есептеле ме
Жауап беру
Ж
Жанар 11.09.2021
Кредит есептейма дахотха
Жауап беру
Ж
Жанар 11.09.2021
Есептеп беріңізші 67+58+80.
Жауап беру
Ж
Жанар 11.09.2021
Мен көп балалы аламын асп алмаймын неге
Жауап беру
А
Алия Махановна 10.09.2021
Адилдик жок ишкашанда4
Жауап беру
Ж
Жанар 10.09.2021
Мен сегіз бала шағамыз бар куйеімде өзімде жумыссызбыз балалардың лугоды кредитимизге жетпейді мемлекеттен баска еш жардем жоқ АСП бермеді малымыз жоқ атымызда ауылдан бермеген соң Сарыағаш каласына көштіп келдік бул жактағылар алты ай толмаса АСПтағайындамаймыз дейді кун көру киындап барады унға нанға ақша таппай калудамыз кімге барамыз білсеңіздер айтсаңыздар көмекке муқтажбыз өте
Жауап беру
12.09.2021
жумыс тауып жумыска туру керек арекет ету керек
Жауап беру
С
Сымбат 10.09.2021
Мен АСП алдым бірінші рет үш айға 164-мың шығады деп айтты бірақ маған оны алған соң бір табыс табатын жұмыс яғни бизнес бастауың керексің деді мен торт пісіретін заттарды аламын дедім онда сол алған заттардың чегін ендігі документ өткізгенде қосып өткізесің деді кімде осыған ұқсас жағдай болды айтып жіберіңіздерші?
Жауап беру
А
Асель 10.09.2021
Асп аламай жүрдімғой мен үш төрт жылдай до года есептеді льгот есептеді
Жауап беру
Г
Гүлбара 10.09.2021
Енді жер учаскесі бар адамдарды АСП дан отказ қып жатыр бизнес деп Қаншалықты дұрыс бұл?
Жауап беру
А
Айгуль 10.09.2021
Салеметсіз бемысалы мен жалғызбасты анамын,балам 12 де,5 жыл бұрын акесі ыамилиясын берген соң,4 форма справкам жоқ,айына 20000 салып тұиады балаға ,кейде ол да жоқ.Өзім көм ауырып,больницадан шықпаймын,учётта тұрмынекі ай болды жұмыс жоқ,жиі ауырамын,енді аз қамтылған деген справканы қайдан аламын ешбір мекеме айта алмайды.Асп мүлде алған емеспін.Жауап беріп кетіңізші өтінемін
Жауап беру
А
Асем 10.09.2021
Аз камтылган деген справка жок. Ауданыныз бойынша райсобесге барасыз, иин бен тексереди доходынызды жетпесе кандай документ жинау керек екенин айтады. Сизге берилуи керек!
Жауап беру
Ф
Фарида 10.09.2021
Менің күйеуім 3топ мүгедек. Жұмыста жоқ.азын аулақ қой сиыр бар. Бір түк шөп 1500күніне 5түк жиі. Сатқан сүтім 1600 алеуметтік көмекекке тапсыра адам ба? Жалпы ұстаған малға қарай ма
Жауап беру
Н
Нурипа 10.09.2021
Сәлеметсіз бе Дәулет мырза. Сізден бір кеңес сұрайын деген едім. Қызымның екі бөпесі бар. Ата енесімен тұрады. Ата енесі бір шаруашылықта мал бағушы болып жалданып жұмыс істейді. Күйеуі пенсионкасы жоқ. Ол да табылған жұмысты істейді. Енді АСП туралайын десе ана құжатты әкел, мына құжатты әкел деп әр барғанда әртүрлі сылтау айтады. Соған қандай құжаттар керек екенін нақтылап жауап бере аласыз ба.
Жауап беру
А
Асель 10.09.2021
Салеметсыз бе Даулет мырза. Мен уш баламмен быр комната жалдап турамын! Пропискам бурынгы куйеуымнын уйынде, кышкентайым 3 айлык, соган толенетын пособия Гана бар! Асп га тапсырып корейын деп едым, туратын жерынде пропискан болу керек деды! Баска кандай комекке тапсырсам болады?
Жауап беру
Ш
Шынар 10.09.2021
Уақытша тіркеуге тұр сол квартираға
Жауап беру
А
Асель 10.09.2021
Уакытша тыркеу кемынде 6 Ай болу керек , ал постоянныйга уй иесы келысым бермейды!
Жауап беру
У
Улжан 10.09.2021
Кай жерде пропискада турсан сол жерде туру керек деиди биз каи жерде арзан квартира бар сол дакка барамызгой и хозаиын шык десе де баска жер издеуимиз керек куама булар оздеринде уй жаиы бар тусинбеиди оздери солаи кв журсинши корермиз
Жауап беру
С
Салем Даулет 2жылдан бері сіздін окырманынызбын осы атаулы комекті алалмадым 2кызым бар кв турам анау деді мынау деді бермеді озім жумыска жарамайм аяк колым аурады балницада учетта турам екі кыздын пенсиясымен кун коремиз кв турамыз ише кридит бар басымызда 10.09.2021
Айгерим
Жауап беру
К
Каракоз 10.09.2021
Салеметсиз бе мен коп балалы анамын жолдасым мигрант шетел азаматы туракты пропискасыда жок тиркелмеген по озим болсам жумысызбын биздерге бериледи мекен комек
Жауап беру
Н
Нұрлы 10.09.2021
Жолдасыңыз мемлекеттік жұмыс жасамаса беріледі...
Жауап беру
А
Асем 10.09.2021
5 балам бар жолдасым өмірден өтті сондада ала алмадыс Асп
Жауап беру
Н
Нұрлы 10.09.2021
Беру керекқой
Жауап беру
Ә
Әсел 10.09.2021
Мен екы балам бар мен алмайм үкиметтен ештеңе
Жауап беру
Г
Гулим 10.09.2021
егер оз уйи болмаса, ботен биреудин уйине тиркеуге турса, ол адамдардын да доходы есептелема?
Жауап беру
С
Сандуғаш 10.09.2021
Менің 2 балам бар күйеуім жұмыссыз менде жұмыс істемеймін 2балам да бір жастан асқан маған беріледі ма.
Жауап беру
Ж
Жако 10.09.2021
Егер куйеуіңіз жұмысқа кірсе асп толенеді
Жауап беру
Т
Тумар 10.09.2021
Асп бул айда неменеге соншама кыскартып тастаган мен жалгызбасты анамын балама алып катырган 30мын тенгемен укымет байып кетты ма сол акшага карап калды ма
Жауап беру
А
Анаргул 10.09.2021
Мен жолдасыммен ажыраскам.4 балам бар 18 ге толмаган.алимент алмаймын(неге десениз жумыссыз.маскунем)маган сотка алиментке жугининиз деп тагайындамай калды.карабасын асырай алмай отканнан не умит.Озим балабакшада жумыстамын.патер жалдамалы.Аллам кушкуат берсин деп демалыс кундери кандай болсада кара жумыс истеймин.Ал билетиндерин болса бул дурыспа тагайындамауы?
Жауап беру
А
Алмагул 10.09.2021
Осы әкімшілік деген күйдірді бермейді АСП сегіз баланың анасымын үшеуі студент ақылы оқиды бесеуі мектепте келіп тексеретін пенде болса ғой
Жауап беру
М
Меруерт 10.09.2021
Мен жалғызбасты анамын. 4 балам бар. Ажырасканмын. Куйеуім алимент толемейді. Сол ушін АСП бермей отыр маган. Неге олай?
Жауап беру
Н
Назгул 10.09.2021
Атаулы көмектің шарты миға симайлы, жолдасым екеуміз үкіметте жұмыста жокпыз, ауылда тұрамыз ауылда жұмыста жоқ, жолдасым әр жерден жұмыс жасап 30мындай гана акша табады, бірак әкімшілік 68000даход кіреді деп жазыңдар деп толтыртады, үш балам бар үшеуі де мектепте, мен жұмыска шыга алмаймын, бастауыш сыныптарында оқиды, мектепке апарып алып кайтуым керек, мағанда караптан карап 68000даход кіргізеді, есептеп келгенде атаулы шыкпайды, біздің елдің күнкөріс денгейі өте төмен
Жауап беру
10.09.2021
Жаз десе жаза бересинба не миыңды іске қоссаи
Жауап беру
Н
Назгул 10.09.2021
Жазбасаң асп жоқ дид, жазсаңда жоқ
Жауап беру
Д
Даулетбаева Акгуль 10.09.2021
Беретінболсаңдар дұрфстап беріңдер.Итке сүиек лақтырғандай қылмаи .әитпесем мүлдем айтпаңдар оибаи біз берәпжатырмыз деп далбаёптар блять
Жауап беру
А
Айгерим 10.09.2021
Жерлеуге арналған ақша қанша тағайындаады.қанша уақытта түседі
Жауап беру
А
Айгул 10.09.2021
Мен асп аламын 5баламның 3мектепте бірак тамак бермиді акың жок дейді аспі амайтын отьасылар бар соларга мектеп тамак диді
Жауап беру
Г
Галия 10.09.2021
Шайнама де акимшиликке акимдерине барп айтындар сойдеп отыр деп зан бойынша миндетти беру керек сизге
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл