Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның қаржы министрі, ұлттық экономика министрі және қорғаныс министрі салықтарын уақытында төлемеген, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты PROTENGE телеграм каналына сілтеме жасап.
PROTENGE ел үкіметінде отырғандардың 3 қазанға дейін төлеуі тиіс мүлік пен көлік салығы бойынша қарыздарын тексеріп көрген.
“Нәтижесі бізді таңғалдырды. Ведомствосы салық жинау жұмысына жауап беретін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың 62 661 теңге қарызы бар (өсімпұлымен бірге). Өте аз болып көрінсе де Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров та бюджетке 373,5 теңге қарыз”, – деп жазған олар.
Сонымен қатар министрлер кабинетінен тағы екі борышкерді табылған.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жеке тұлғалардың мүлкіне қатысты салық бойынша мемлекетке 134 мың теңгеден аса (2 мың теңге өсімпұлымен) қарыз болса, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың көлік және мүлік салығы бойынша қарыздары жоғы, бірақ 9,95 теңге төленбеген өсімпұлы бары анықталған.
“Көріп отырғаныңыздай, сомалар аса көп емес, бірақ заң бәріне бірдей. Егер мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеу мерзімін 2022 жылғы 3 қазанға дейін деп белгілесе, онда елдің барлық азаматтары осы ережені ұстануға тиіс. Бұл министрлерге де қатысты. Ал салық саласының жетекшісі Ерұлан Жамаубаев салық тәртібі бойынша қазақстандықтарға үлгі көрсетуі керек еді”, – делінген жазбада.
Айта кетсек, министрлердің қарыздары ресми ашық қол жетімді мәліметтер базас