Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысындағы IT-лицейде білім алатын Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2025) үздік нәтиже көрсетіп, абсолютті жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, биылғы олимпиадаға Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур және Таиланд сынды елдерден 500-ге жуық оқушы қатысқан.
- Байқау нәтижесінде Рамазан Бутантаев барлық қатысушылардың арасынан суырылып шығып, алтын медаль жеңіп алды, – делінген ресми хабарламада.
Қазақстан құрамасы олимпиада тарихындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 5 медаль мен 3 Құрмет грамотасын иеленді:
Құрмет грамотасын алғандар:
Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, қазіргі таңда Германиядағы Тюбинген университетінде оқып жатқан 2-курс студенті Аида Давлетова.
Оқу-ағарту министрлігі жеңімпаздарды жоғары жетістіктерімен құттықтады.
Айта кетейік, Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық олимпиада. Ол логикалық ойлау, тілге деген түйсік пен мәдениетаралық дағдыларды дамытуға бағытталған. Бұл сайыс оқушыларға халықаралық деңгейде өз қабілеттерін сынап көруге және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) жолдама алуға мүмкіндік береді.