Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық оқушылао математикадан халықаралық жасөспірімдер арасындағы Балқан олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Албания астанасында математикадан 27-ші Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) аяқталды. Оған Балқан түбегінің 20 ел және қонақ елдерден 130-ға жуық оқушы қатысты.
Халықаралық математикалық жарыста Қазақстан құрама командасы 6 медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар:
Амирлан Аманжолов – Алматы қаласының КеАҚ «Республикалық физика-математикалық мектебі» 9 сынып оқушысы – алтын медаль;
Серік Мұрзабек – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – күміс медаль;
Ерқанат Кеңшілік – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – күміс медаль;
Әлинұр Маратұлы – Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль;
Жанарыс Теңдіков – Қарағанды облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль;
Аят Абдуллаев – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль;
Естеріңізге сала кетейік, олимпиадаға 19 жыл ішінде 114 қазақстандық оқушы қатысып, 15 алтын, 47 күміс, 37 қола медаль жеңіп алды.