Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды

30.09.2024
1 мин
0
788
Сурет: 24KZ

Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Грекияда робототехникадан ең ірі чемпионат FIRST Global Challenge тәмамдалды. Еліміздің намысын қорғауға барған оқушылар бірнеше бағыт бойынша көш бастап қана қоймай, 190 елдің арасынан басты жүлдені жеңіп алып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Осылайша Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жыл өзінің чемпиондық титулын ешкімге бермеді.

Біз жарыста топ жарып, еліміздің жүлде қоржынын алтын медальмен толықтырдық және рекордқа қол жеткіздік. Әлемнің бірде бір елі екі дүркін чемпион бола алмады, ал біздің балаларымыз үшінші жыл қатарынан жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кету керек, команда құрамы осы жылдарда қайталанған емес, еліміздің намысын қорғауға әр жарысқа үнемі жаңа ойыншы қатысады, олар сайыстың ұлттық кезеңінде іріктеледі, - дейді қордың негізін қалаушы және құраманың жаттықтырушысы Асылбек Мұрзахметов.

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар бұған дейін 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурде жеңіске жеткен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
184
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл