Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
26-29 қыркүйек күндері Ресейде «Мир детства-2023» балалар тауарлары индустриясының 28-ші халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ірі салалық іс-шара балалар индустриясындағы жаңа өнімдер мен нәтижелі іскерлік қарым-қатынастарды таныстыруға арналған ең танымал кәсіби алаң. Төрт күннің ішінде сала мамандары жаһандық үрдістерімен танысып, өзара тәжірибелерімен бөлісті. Көрме аясында семинарлар, конференциялар мен мастер-кластар өтті.
Қазақстандық кәсіпкерлер де «Мир детства-2023» халықаралық көрмесіне қатысты. Еліміздегі алғашқы отандық жөргектер шығаратын «Capable Group» компаниясы өз өнімдерін осы жәрмеңкеде ұсынды. Атап өтсек,қатысушылар қатарында Қазақстаннан ұсынылған жалғыз балалар өнімі «Capable Group» компаниясының жөргектері. Бұл жөргектер еліміздегі жалғыз, баламасы жоқ өнім. Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді отандық өнім «Altyn Bala Premium» және «SimboBaby», «GIGO»,«TOMPI», «Altyn ANA» атауымен шығарылып жатыр. Айта кетейік, «Capable Group» өнеркәсіп жұмысшыларының 60% мүмкіндігі шектеулі жандар.
«Халықаралық көрмеге алғаш рет қатысып отырмыз. Көрмені тамашалауға келген қазақстандықтар өзімізде өндірілген жөргектерді жақсы көзқараспен қабылдап, қолдау білдіруде. Басқа елдерден ондаған ұсыныстар түсіп, жөргектерімізге сұраныс артып жатыр», - дейді Capable Group негізін қалаушысы Баянсұлу Оразалиева.
Бұл көрмеге Қазақстан, Қытай, Ресей, Беларусь Республикасы, Таиланд, Түркия, Өзбекстаннан 500-ден астам компания қатысады. Ал көрме бағдарламасы 50-ге жуық іс-шараны қамтиды.