Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алуға және емделуге 1,9 млн өтініш жіберіп, шамамен 3,8 трлн теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтарын пайдаланды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Зейнетақы жинақтарын азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады. БЖЗҚ емделу үшін жалпы сомасы 419,3 млрд теңге болатын 477 866 өтінішті орындады. Өтініштердің 96,5% стоматологиялық қызмет алу үшін, 2,5% офтальмологиялық қызметтерді алу бойынша орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының шамамен 1% пайдаланылды», - делінген БЖЗҚ таратқан хабарламада.
Белгілі болғандай, салымшылардың БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на 37,5 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.