Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады
Жаңалықтар

Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

28.03.2024
1 мин
2
883
Коллаж: dauletten.kz

Бүгін Сенат «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Мемлекет басшысының Ташкент қаласына сапары шеңберінде 2022 жылғы 22 желтоқсанда қол қойылған.

Заңның мақсаты екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту, олардың азаматтарының сапарларын реттеу, сондай-ақ бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін құқықтық негіз құру болып табылады.

«Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері арасында берік бауырластық қарым-қатынас қалыптасқан. Елдеріміз қол қойған мәңгілік достық туралы және одақтастық туралы шарттар соның айқын дәлелі. Бүгін қаралған Хаттама екі ел азаматтарына өзара сапарларын жүзеге асыруда қосымша оңтайлы құқықтық жағдайлар орнатуды көздейді. Жалпы мақұлданған заң тату көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Хаттамада, егер Тараптар мемлекеттері (Қазақстан мен Өзбекстан) азаматтарының болу кезеңі Тарап мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын болса, құзыретті органдарда тіркеусіз олардың аумақтарында болуының оңайлатылған тәртібі көзделеді. Осылайша, екі мемлекет те өз азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағында болуының өзара мерзімін уақытша тіркеусіз күнтізбелік 5 күннен 30 күнге дейін ұлғайтты.

«Оған қосымша, бір Тарап мемлекетінің азаматтары егер олардың болу кезеңі Тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 күннен, күнтізбелік 180 күн болатын әрбір кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 күннен аспайтын болса, Хаттамаға №1 және №2 қосымшаларда тізбесі белгіленген жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар негізінде уақытша тұруға (уақытша тіркеуге) рұқсатты ресімдемей, екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіре алады, одан шыға алады, транзитпен өте алады, жүріп-тұра алады. Егер бір Тарап мемлекетінің азаматы екінші Тарап мемлекетінің аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен асса, аталған азамат болатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарында уақытша тұруға рұқсат алуға (уақытша тіркеуге тұруға) міндетті. Негіздері – жұмыс істеу, емделу, оқу, отбасымен бірігу, кәсіпкерлік қызмет жүргізу. Осылайша, көші-қонды бақылау жүзеге асырылады», - деді сенатор Қайрат Тастекеев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
М
Мадина 28.03.2024
.бирак Озбекстан тегин жургизбейди пропискага отырын деп 4000тенгемизди алады.бизге ондай заң келген жок деп тындамайды
Жауап беру
А
Айдана 28.03.2024
Керемет
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл