Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Жаңалықтар

Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған

02.08.2021
1 мин
1
723

Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметінен 19 мың адам зардап шекті. Олар алаяқтарға 21 миллиард теңгеден аса қаражатын беріп жіберген. 

"Жыл басынан бері қаржы пирамидаларына қатысты 330 қылмыстық істі тергедік, оның 177-сі немесе 53,6 пайызы сотқа жіберілді. Бүгінде 62 адам тергеуде, оның 55-і қамауға алынды.

Жалпы іс жүргізудегі қаржы пирамидалары туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің жалпы саны 19 мыңнан асады. Олар жалпы сомасы 21 миллиард теңгеден аса шығынға батқан", - деді ІІМ өкілі.

Ведомство алданған азаматтардың басым бөлігі Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстарында екенін, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында да алаяқтардан зардап шеккендер бар екенін мәлім етті.

"Өңірлерде "Астекс", "Тиімді депозит", "Астра Консалтинг", "Бизнес лайн", "Хоум авто инвест" және басқа ірі қаржы пирамидалары белсенді жұмыс істеген", - деді ІІМ өкілі.

Полиция азаматтарға ескерту мақсатында қаржы пирамидасы белгілерінің тізімін жасады:

  • нарықтағы кірістерден едәуір көп жоғары табыс кепілдігі;
  • компания қызметін құпияда ұстау;
  • басқа азаматтарды тарту арқылы пайда мен бонустар алуға уәде беру;
  • компания бірінші талап бойынша ақша қаражатын қайтармайды;
  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің депозиттерді немесе ақша қаражатын қабылдауға лицензиясы жоқ;
  • компанияда нақты қызмет түрі жоқ.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
А
Аиса 02.08.2021
Осы шілде айында жалақы қосылады дегені қайда? Госслужищ.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл