Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар қай елдерге жиі ақшалай аударымдар жасайды?
Жаңалықтар

Қазақстандықтар қай елдерге жиі ақшалай аударымдар жасайды?

28.03.2023
1 мин
0
415

Қазақстан Ұлттық банкі Қазастаннан ақша қай елдерге жиі жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жіберілген аударымдар бойынша алғашқы бестікке Грузия, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан кірді.

Ал алынған трансферттер бойынша 5 елдің көш басында Оңтүстік Корея тұр, одан кейін АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан, ең соңында Ресей рейтингті жапты.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылы Халықаралық ақша аудару жүйелері (ХААЖ) арқылы жүзеге асырылған ақша аударымдарының жалпы көлемі - 1,8 трлн теңге. 2021 жылмен салыстырғанда операциялардың 32,7% өскені байқалады.

«Транзакциялардың негізгі үлесі, яғни 94,7%-ы - Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдары. 2022 жылға шетелге жіберілген және шетелден алынған ақша аударымдарының орташа сомасы шамамен бірдей: сәйкесінше 415 мың теңге және 413 мың теңге», - деп мәлімдеме жасады ҚҰБ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 2022 жылы Қазақстанда ақша аударымдарының көлемі 34,6% өскені айтылды. ХААЖ арқылы бір жергілікті ақша аударымының орташа сомасы 178,8 мың теңге болды. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 58,0% артық.

фото: sputnik.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл