Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар арасында Түркістан облысынан тұрғын үй сатып алу жиілеген, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, еліміздің сегіз өңірінде баспананы сатып алу-сату белсенділігі төмендеген. Бұл көрсеткіш Ақтөбе (1,8%), Алматы (2,4%), Атырау (10,8%), Батыс Қазақстан (6,5%), Қарағанды (0,6%), Қызылорда (7,1%), Маңғыстау (2,4%) облыстарына қатысты.
Қалған өңірлерде баспана сатып алу бойынша өсім байқалады. Ең көбі – Түркістан облысында 17,4%-ке, яғни тамыз айында 1,7 мың келісім жасалды. Осының есебінен жалпы Қазақстан бойынша сатып алу-сатудың айлық өсімі 0,4%-ті, яғни 46,4 мыңды құрады.
Осы ретте, жылдымайтын мүліктің басым бөлігі Алматы қаласында жасалды. Жиыны 6,8 мың мәміле. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы бойыша 5,8 мың келісім, үшінші орында Қарағанды облысы – 5,3 мың.
Сондай-ақ 2021 жылғы қаңтар-тамыз айларында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артты.