Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еуропаға саяхаттаймын деген азаматтар үшін виза құны қымбаттайды. Еурокомиссия визалық алымды ересектерге 80-нен 90 еуроға, 6-12 жас аралығындағы балалар үшін 40-тан 45 еуроға дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz SchengenVisaInfo-ға сілтеме жасап.
Виза құны ЕО-мен реадмиссия бойынша ынтымақтастаспайтын елдердің азаматтарына да қымбаттайды.
Тек ЕО-мен визалық режимді жеңілдету туралы келісімге келген елдер үшін жоғарыда айтылған өзгерістер әсер етпейді.
«Визалық кодексте көрсетілген тікелей визалық алымдарды қоспағанда, визалық режимді жеңілдету туралы келісімдерде көзделген алымдарға әсер етпейді», - делінген хабарламада.
Соңғы рет 2020 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ Шенген аймағына мүше елдермен келісе отырып, виза алудың стандартты алымын өзгертіп, 60-тан 80 еуроға дейін ұлғайтқан болатын.
Қазақстанның Еуроодақпен оңайлатылған визалық режимі жоқ. 2023 жылы ЕО мен Қазақстан визалық режимді жеңілдету бойынша ресми консультацияларды бастау туралы келісімге келгені белгілі болды. Соған қарамастан, Қазақстан азаматтары Шенгенге өтініш бергенге дейін қосымша кеңес алуды қажет ететін елдердің тізімінде.
Айта кетейік, Шенген визасының құны 3 жыл сайын қаралып отырады.