Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтардың “Келешек” жүйесі арқылы балаларының білім алуына қаражат жинауға мүмкіндігі бар
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың “Келешек” жүйесі арқылы балаларының білім алуына қаражат жинауға мүмкіндігі бар

13.11.2024
1 мин
1
391
Сурет: Unsplash

Қазақстандықтар “Келешек” жүйесі арқылы балаларының білім алуына қаражат жинай алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

13 қарашада өткен Мәжіліс отырысында “Келешек” бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі талқыланды. Бұл жүйе арқылы ата-аналар балалардың болашақ білім шығындарын қаржыландыру үшін қаражат жинақтай алады.

“Келешектің” моделі Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қолданыстағы платформасы негізінде іске асырылатын болады. Ата-аналар кез келген банкте немесе өмірді сақтандыру компаниясында балаларының атына шот ашуға құқылы. Жасы 5-тен асқан балалар үшін мемлекет бюджеттен 60 АЕК, ал жетім балалар үшін 120 АЕК көлемінде бастапқы білім беру капиталы ретінде біржолғы төлем береді.

Сонымен қатар, ата-аналар жыл сайынғы ең төменгі жарнаны енгізуге міндетті. Бұл жарна әлеуметтік осал топтардан шыққан балалар үшін 12 АЕК, қалғандары үшін 24 АЕК көлемінде белгіленген.

Жинақталған қаражат әрбір бала үшін 5 пайыз, ал әлеуметтік осал топтағы балалар үшін 7 пайыз көлемінде өсіммен толықтырылады. Сонымен қатар, банктің немесе сақтандыру компаниясының пайыздық табысынан жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы қарастырылған. Ең төменгі жылдық жарна төленбеген жағдайда бастапқы капитал бюджетке қайтарылады.

Жинақталған қаражатты Қазақстандағы немесе шетелдегі колледждер мен университеттерде білім алу үшін пайдалануға болады. Егер мемлекеттік білім грантына ие болсаңыз, жинақты басқа білім деңгейіне жұмсауға, үшінші тұлғаның депозитіне немесе сақтандыру шартына аударуға, капиталдандырылған сыйақымен бірге алуға немесе заңнамаға сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға мүмкіндік бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Е
Еркеш 13.11.2024
Келешекте салынған ақша жоқ болып кетпей ма екен.Негізі салғым келеді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл