Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар депозитке көбірек қаражат жинай бастаған, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банк мәліметіне сүйенсек, биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша банктердің депозиттерінде 15,3 трлн теңгеден астам қаражат сақталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ке немесе 3,1 трлн теңгеге артық. Жалпы соманың 5,1 трлн теңгесі заңды тұлғаларға (+34,2%), 10,2 трлн теңгесі жеке тұлғаларға (+21,4%) тиесілі.
Өңірлерге келетін болсақ, Ұлттық Банктің ақпараты бойынша, ең көп ақшаны Алматы тұрғындары 6,3 трлн теңге және елорда тұрғындары 3,2 трлн теңге жинады. Ал Қарағанды облысындағы жинақ 746 млрд теңгеден астам, ШҚО-да 662 млрд теңге, Қостанай облысында 569,6 млрд теңге болса, Маңғыстау облыстарында депозиттегі сома 528,6 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар Ақтөбе облысында 512,5 млрд теңге, Павлодар облысында 500,3 млрд теңге, Атырау облысында 474,7 млрд теңге, ал Шымкентте 429,4 млрд теңге жинақталды.
Ең аз ақша Қызылордада 157,3 млрд теңге және Түркістан облысында 59,3 млрд теңге болды.