Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағында қанша қаражат бар?
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағында қанша қаражат бар?

25.10.2021
1 мин
0
1367

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты, деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі. 

Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарында 13,1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2020 жылдан бастап 01.10.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 569,5 миллиард теңгеге немесе 5% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы (МЖ) жарналары  есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,7 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім – 4%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЖЗ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 349,5 млрд теңге (өсім – 16%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 млрд теңгеге жетті.

Осы жылдың тоғыз айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда көбірек қаражат салды. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 1,2 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 439,5 млрд теңгеге немесе 57% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,7% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, ол 917,4 млрд теңге (соңғы 12 айдағы өсім - 24%), МКЗЖ бойынша 41,2 млрд теңге (өсім 17%), 496 млн теңге (өсім 41%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар айынан 1 қазанына дейін 1 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл жемісті болған өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен асып түсті, нақтырақ айтқанда, 1% немесе 7 млрд теңгеге артық. Ұлттық банктің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 8,89%, ал инфляция 6,2% құрады. Бұл ретте соңғы 12 айдағы кірістілік – 10,08% , осы кезеңдегі инфляция – 8,9% көрсетті.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11,7 млн бірлікке тең. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 909 456 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 534 067 бірлік. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 54 013 бірлік болды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады, оның көлемі – 1,9 трлн теңге.

Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 71,6 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 47,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 29,1 млрд теңге, жерлеуге – 4,0 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 1,6 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 525 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.

 

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2527 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл