Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтарға жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне байланысты үндеу жасалды
Жаңалықтар

Қазақстандықтарға жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне байланысты үндеу жасалды

17.07.2025
1 мин
0
93
Сурет: nalogikz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі аясында қазақстандықтарға 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы есепті онлайн режимде тапсыруға болатынын еске салды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мекеме мәліметінше, бұл декларацияны мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері мен олардың жұбайлары 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін өткізуі тиіс.

270.00-нысанда кірістермен қатар шетелдегі жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын және шетелдік компаниялардағы үлестер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес ірі шығындар мен сатып алуларды жабу көздері де қамтылады.

Бұл есептілік бұған дейін тапсырылған активтер мен міндеттемелер туралы "кіріс" декларациясының (250.00-нысан) жалғасы болып табылады.

Декларацияны тапсыру жолдары:

eGov.kz порталында:

  • Жүйеге кіріп, "Азаматтарға" – "Кеден және салықтар" – "Салық салу" бөліміне өтіңіз;
  • "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00-нысан)" қызметін таңдаңыз;
  • Қажетті деректерді толтырып, мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз;
  • Қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қойыңыз;
  • Жеке кабинеттегі "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінен мәртебесін тексеріңіз.

eGov Mobile қосымшасында:

  • Қосымшаға кіріп, "Қызметтер" – "Салық және қаржы" бөліміне өтіңіз;
  • 270.00-нысанды таңдап, деректерді толтырыңыз;
  • Мемлекеттік кіріс органын көрсетіп, қызметке қол қойыңыз;
  • Жеке кабинеттен мәртебені тексеріңіз.

Сондай-ақ декларацияны kgd.gov.kz сайтындағы "Салық төлеуші кабинеті" арқылы немесе eSalyq Azamat мобильді қосымшасында тапсыруға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл