Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
12 маусымда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Қазақстан азаматы мен екі шетелдікке шығарған үкімі күшіне енді.
Олар Қылмыстық кодекстің 264-бабының 1-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру»), 286-бабының 4-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы контрабанда») және 297-бабының 4-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі өткізу») бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Тергеу мен сот барысында аталған адамдар Қазақстан аумағында ауыр есірткі контрабандасы мен тасымал ұйымдастыруға тырысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері екені дәлелденді.
Топ мүшелері 2023 жылғы тамызда ҰҚК жедел қызметкерлері прокуратура органдары және құзыретті органдармен өзара бірігіп өткізген шара кезінде ұсталды.
Тінту барысында олардан 1 кг-нан астам героин, 2 кг апиын, сондай-ақ 4 атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді.
«Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр», - дейді ҰҚК баспасөз қызметінен.