Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
10 қыркүйектен бастап Мысыр елі қазақстандық азаматтарды қабылдай бастайды. Туристік агенттіктердің болжамы бойынша қазан айында демалушылар саны артады.
Қонақ үйлер туристерді тарту үшін жаңа тәртіппен жұмыс істейді.
«Пандемия туризм саласына айтарлықтай әсер етті. Елдегі қызмет көрсету орталықтары, қонақүйлері арасында бәсекелестік артып, қонақтарды қабылдауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр», - дейді қонақ үйлер желісінің менеджері Ибрагим Хашада.
Қыркүйек айында рейстер ашылғанмен, шектеу шаралары көп. Олардың бірі – медициналық анықтама. Сондай-ақ, туристерге қонақүй аумағынан тыс жерде емін-еркін жүруге тыйым салынған. Ал елде төтенше жағдай енгізілгенге дейін билеттерді алдын ала сатып алған саяхатшыларға қатысты дау көп. Бұл мәселеге қатысты Үкімет деңгейінде екі тарап арасындағы жауапкершілікті реттейтін құжат әзірленіп жатыр.