Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман түседі.
Атырау облысының батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысының шығысында күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының батысында тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.