Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның қарыздары 54 миллиард доллар немесе 25 триллион теңгеден асады», ҚР Қаржы министрілігі Тengrinews тілшісі қойған сауалға осылай жауап берді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомство өкілдері жалпы соманың 47 миллиард доллары (22 триллион теңге) үкіметтік қарыздар екенін айтады. Оның ішінде 7 триллион теңге (16 миллиард доллардан астам) сыртқы қарыздар, ал ішкі қарыздардың сомасы 14 триллион теңгеден асады.
Министрлік ұсынған мәліметтерге сүйенсек, ішкі қарыздардың 10,9 триллион теңгесі мемлекеттік ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелер. 1,2 триллион теңгеден астамы – орта мерзімді қазыналық міндеттемелер. Тағы 1 триллион теңгесі – мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазыналық міндеттемелер. Ал TONIA ставкасы бойынша индекстелген мемлекеттік қазыналық міндеттемелер 814 миллиард теңгеден асады.
Сыртқы қарыздардың басым бөлігі халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған несие екені белгілі болды. Мысалы, Халықаралық жаңғырту мен даму банкі алдындағы қарыз 1,6 триллион теңге, Еуропалық жаңғырту және даму банкі алдындағы қарыз 54 миллиард теңге екен. Ал Азия даму банкінде 908 миллиард теңге, Ислам даму банкіне 38 миллиард теңге қарыз бар. Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі алдындағы қарыз 326 миллиард теңге болса, Қытай Халық Республикасының экспорт-импорт банкі алдындағы қарыз 56,8 миллиард теңге екен. Сондай-ақ шетелдік коммерциялық банктер алдында мемлекеттің 92,5 миллиард теңге қарызы бар.
Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздардың жалпы құны 514 миллиард теңгеден асып жығылады.
Сыртқы мемлекеттік қарыздардың қатарында шетелдік коммерциялық банктер мен өзге мемлекеттердердің үкімет ұйымдары алдындағы берешектер бар. Олардың ішінде Кувейттік Араб экономикалық даму қорына 852 миллиард теңге, Жапония халықаралық серіктестік агенттігіне 115 миллиард теңге, Германия үкіметінің несие агенттігіне 3 миллиард теңге қарыз.
«Жалпы сыртқы қарыздың 4 триллион теңгесі еуррооблигациялар», - деді Қаржы министрлігі.
фото: exk.kz