Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 жылдың 1 қаңтарындағы Ұлттық банк деректеріне сәйкес, Қазақстандағы тұтынушылық несиелер көлемі 4,3 трлн теңгеден асты. Қарызды ең көп алған аймақтар қандай және 2018 жылдан бастап несие көрсеткіштері қалай өзгерді?
Статистикаға жүгінсек, тұтынушылық несиелер көлемі осыдан екі жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 30 процентке өскенін байқауға болады. Яғни 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша банктердің тұтынушылық несиелерінің сомасы 3,3 трлн теңгені құраған.
Елімізде несиені ең көп алатын алматылықтар екені анықталды. Несие сомасы 1,1 трлн теңгеге жетіп отыр. Десе де, үш жылда бұл сома 8,3 процентке қысқарғанын да айта кету керек.
Екінші орын дәстүрлі түрде Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. Қаңтардағы көрсеткіш бойынша жалпы сома шамамен 428 млрд теңгені құрады. Соңғы үш жылда оның көлемі 63 процентке артқан.
Тұтынушылық несиеге 336 млрд теңгеден астам қаражатын жұмсаған Шымкент қаласының тұрғындары үшінші орынға жайғасты. Соңғы үш жылда несие сомасының көлемі онда да артты (42,5 процентке).
Тұтынушылық несиелер көлемі айтарлықтай өскен аймақтарға Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарын да жатқызуға болады. Себебі Қарағанды облысында тұтынушылық несиелер көлемі 52,7 процентке көбейсе, ШҚО-да 48 процентке өсті.
Ал ең аз қарыз алған аймақтарға Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары жататыны белгілі болды.
Тағы көру