Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде алдағы уақытта қант, май және тұзы көп тағамдардың жарнамасына шектеу қойылады. Оның ішінде фастфуд, кондитерлік өнімдер, шоколад, газдалған және энергетикалық сусындардың жарнамасына тыйым салынуы мүмкін деп хабарлайды Dauletten.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі «Жарнама туралы» заңға осындай ұсыныс беруді көздеп отыр. Өйткені осы тағам түрлері қант диабеті, жүрек, қантамыр жүйесі аурулары мен онкология сияқты қауіпті дертке әкеледі. Сондай-ақ семіздік белең алған. Алайда шектеу халықтың фастфудтан бас тартуына қаншалықты әсер ететіні белгісіз.
«Жарнамаланатын тағамдардардың құрамында 79%-ы қант қосылған сусындарға, кондитерлік өнімдерге, фастфудқа, дайын таңғы асқа бағытталған. Сол себепті ол балалардың талғамына көп әсер етеді. Зерттеу бойынша алты және тоғыз жас аралығындағы балалар арасында семіздікке шалдыққандар саны жиырма пайызға жеткен» – деді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарушы директоры Салтанат Назарова.
фото: fonoteka.org