| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Қарағандыда әлеуметтік желідегі жазбалары үшін Алика Мұхамадиева 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
22 жастағы әйел қазақстандықтарды «мамбет», мұсылмандарды «доңыз», ал қазақ тілін «жартылай қалбит диалектісі» мұсылмандарға және қазақ тіліне қатысты келеңсіз сөздер қолданған. Сот оны ҚР ҚК-нің 174-бабы («Ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша айыпты деп таныды.
Әлеуметтік желідегі жазбалары үшін әйел 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, оның екі жасар баласы бар болғандықтан, жазасы 2 жылға кейінге қалдырылды.
Енді Алика Мұхамадиева сот шешімі бойынша жазасын өтеу алдында тұр. Бұл іс қоғамда әлеуметтік желілерде қорлау мен жала жабудың салдарын тағы бір рет көрсеткен оқиға болды.