Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Қажылыққа апарамын”: Алаяқтардан қалай сақтану керек?
Маман пікірі

“Қажылыққа апарамын”: Алаяқтардан қалай сақтану керек?

03.02.2023
2 мин
12
4652

Заман ағымына байланысты онлайн дүкендер көбейіп, әуе және теміржеол билеттерін интернет арқылы алу жолдары пайда болды. Артық уақыт жұмсамай, шығындалмай атқарылатын іс кімге де болсын тиімді. Десек те, қоғамдағы тұлғаның бәрі бірдей сауатты емес екенін жақсы білеміз. Тіпті, көзі ашық, ғаламторды бір кісідей игерген жандардың өзі интернет-алаяқтарының құрбаны болып жатыр. Осы мәселе бойынша Dauletten.kz журналисі зерттеп көрді.

Бірер күн бұрын Алматыдан жік шықты, екі құлағы тік шықты. Қажылыққа барамыз деген 100-ге жуық адам алданып қалды. Бұл ақпаратты біз де жазған болатынбыз. Оқиға дәйек болсын деп жапа шеккен кейіпкермен де байланысқа шықтық. Құдай алдындағы парызын өтеймін деген Абзал Айтмолда оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

"Компанияның аты - Kausar Travel. Билетті қаңтар айының 12-сі күні алдым. Инстаграм желісінде таргеттен жарнама ретінде шығып, сілтеме арқылы өтіп, компания менеджерімен сөйлестім. Сөйлесу барысында офиске келіп, сол жерде анық ақпаратты алғаннан кейін билетті сатып алу үшін 515000 теңге қаражатты банк қосымшасы арқылы басқа менеджердің жеке шотына аудардым.

Көп таныстарым осы компания арқылы 1-2 ай бұрын барып келген болатын, және де көптеген атақты кісілердің барып келуіне байланысты да сенімді компания екен деп ойладым. Ақаша жағына келсек, құзырлы органдар ақшаны қайтарып береміз деп уәде берген жоқ, тек қана айыпталушының кінәсі анықталса оның заң алдында жауапқа тартылуына жауапкершілік алды" -, дейді жәбірленуші.

Негізінен қомақты қаржыны белгілі бір мекен-жайға аудармас бұрын тыңғылықты тексеріп алған жөн. Мұны қаржы маманы мен заңгерлер де мақұлдайды. Осы тұста айтатын маңызды дүние бар. Ал Умра қажылығы туралы арнайы маманнан сұрап көрдік. Қамқор қорының қызметкері Агзия Тұрсынбайқызы кеңестерімен бөлісті:

"Умра қажылығына апаратын компанияларды анықтаудың бірнеше тәсілі бар. Біріншіден сенімді компанияны тексеру үшін http://www.fondkamkor.kz сайтынан қарау керек. Сосын жыл сайын Мүфтият тізім жариялайды. Сол тізімге қарап таңдау жасаған абзал. Ескеретін тағы бір жайт, сапарға аттанарда әр адамға турпакет шығарып беруі тиіс".

Тағы бір ескеретін жайт, ашық дереккөздерде қажылық барудың өзіндік құны 1300 АҚШ долларын құрайды екен. Ал аңғал халықты алдағысы келетіндер 800-1000 доллар деген баға қойып, көпшілікті қызықтырады. Бұған да назар аударыңыз.

Иә, қай салада болсын алаяқтық бары рас. Бірақ таңдау мен талғам адамға байланысты. Еске салайық, алаяқтық жасады деп айыпталған Kausar Travel басшысы ұсталған болатын.

Фото: vk.com

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
12 Пікір
А
Арзыгул 04.02.2023
Менің ата анам осы Каусар трайвилмен қараша айында барып келді,Аллаға шүкір керемет,жағдайымызды жасады деп келді ата анам мен құдағи????
Жауап беру
Ф
Фархат 04.02.2023
Сол Намазхан бауырлар жарнамалап кетіп едіғо неге анадүние дейміз мына дүниеден жазалансын! Өнер жұлдыздары жарнамалап өліп еді
Жауап беру
Б
Бекжігіт 04.02.2023
Қандай жаза қолданды екен? Жәбір көргендер қаражатын толық қайтарып алды мекен?
Жауап беру
С
Серік 04.02.2023
Ассалаумағалейкум бауырлар осындай алаяқтарға алданбас үшін не істеу керек әбден алданып қалған соң жария боп жатады осының бәрі шетелге барып жұмыс істеймін деп алданып жатады Алданбас үшін жеке бір сайт ашып жариялап отыру керек шығар( Қажылыққа баратыдар)(Жұмыс іздеп баратындар)(Демалысқа баратындар) мына компаниямен барсаң алданбайсың деп Теледидарда да жарнама бергендей жәриялап отырса болар еді
Жауап беру
Ә
Әлия 04.02.2023
Түсінбеймін. Не керегі бар сол арабтарды байытып, одан да сол қаржыға неге өз қарабасының жағдайын жақсартып, одан қалса өз елімізді байытып, қаңғып жүрген қазағымызға, болмаса қиналып жатқан сәбилерге, не болмаса мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасамасқа. Міне сіздердің умраларыңыз. Өз отанымызға қызмет етейікші, сонда бізде бәрі жақсы болады деп ойламын. Аллатағала қазағымды аман ете гөр????????????
Жауап беру
К
Кенже 04.02.2023
Дұрыс айтасыз. Жиен күйеу бала кетейін деп жатыр деп естіп едім. Спонсоры бар дит. Өзі үй жалдап жүр. Одан да спонсорына үй алып бер деп айтпайма дим.........
Жауап беру
Ф
Фарида 04.02.2023
Мұсылманның бес парызының бірі қажылық Парыз☝️Алланың разылығы
Жауап беру
05.02.2023
Дұрыс айтасыз???? Араптар онсызда бай, Біз өзіміздің парызымыз деп барамыз
Жауап беру
04.02.2023
Аллатағала қазағымды тек аман ете гөр????????????
Жауап беру
04.02.2023
Неге сұрақ белгісі түсінбедім????‍♀️
Жауап беру
Н
Нұрсұлу 04.02.2023
Нағыз майқарағай .
Жауап беру
А
Айгерім 03.02.2023
100ге жуык емес 1300 дей адам алданып отыр
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл