Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Қажылыққа апарамыз": Алаяқтық жасаған турфирма басшысы ұсталды

01.02.2023
1 мин
0
1131

Қажылыққа апарамын деп жүздеген адамды алдаған турфирма басшысы ұсталды. Бұл туралы "КТК" арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, умраға апарамын деп 100-ден астам адамды сан соқтырған "Кәусар тревел" компаниясының басшысы ұсталды. Медет Мұратбайұлы қасиетті мекенге баруға ниет қылғандардың әрқайсысынан кемі мың доллардан алыпты.

Алайда қаңтар айында кетуге тиіс азаматтар сол күйі Мекке мен Мединаны көре алған жоқ. Ал Алматыдан жолға шыққан 57 адамды турфирма Медина қаласындағы жатақханаға тастап із суытыпты. Сондықтан қажылар жатын орын мен тамаққа қосымша қаржы шығындап, қайтар жолдың билетін де өз ақшасына сатып алған. Қазір "Кәусар тревелден" жолдама алғандар жаппай полицияға арызданып жатыр. Полицейлер сондықтан жәбірленушілер санын нақты айта алмайтынын жеткізді.

Сайрам ауданының тұрғыны Жарқын Бекмырзаевқа умраның сертификатын келіншегі тосынсый ретінде туған күніне сыйлаған. Талай жылғы арманы болған киелі сапарға ерлі-зайыптылар 17 қаңтарда ұшуы керек еді. Алайда түрлі сылтау айтқан "Кәусар тревел" турфирмасы бас-аяғы 57 адамды үш күн кешіктіріп, Медина қаласына жеткізіпті. Бірақ қонаүйге бара сала, турфирма өкілдері орын дайындаймыз деп, сол күйі ізім-ғайым жоғалған.

"Сол жерде күтіп отырғанда, қонақүйдің егесі шықты да, бұл жерде сіздерге орын брондалмаған, бұл жерде қазір бос орын жоқ деп айтты. Содан кейін қайтадан автобус шақырып, бізді қаланың шет жағындағы жатақханаға апарып жайғастырды. Таңертең жетіде экскурсия болады, дайындалыңыздар деді де, "Кәусар тревел" өкілі кетіп қалды. Содан біз азанда тұрдық. Тұрсақ, "Кәусар тревел" өкілдері де жоқ, автобус та жоқ. Тамағы да дайын емес, ақшасы да төленбеген", - дейді Сайрам ауданының тұрғыны Жарқын Бекмырзаев.

Бейтаныс қалада тіл білмейтін 57 адамның жағдайын сол жақта жүрген қазақтар естіп, өзге турфирма өкілдері көмекке келген. Олар Мединадан екі-үш күнге қонақүй жалдап, әрі қарай Меккеге сапарын ұйымдастырып берген. Тіпті, қасиетті Қағба маңынан бес күнге жатын орын алып берген. Ал елге оралатын уақыт таяғанда турфирма басшысы Медет Мұратбайұлы қайтар билет дайындап жатырмын деп, тағы да хабар-ошарсыз кеткен.

"Бастан-аяқ есептесек, біз келіншегіміз екеуімізге миллионнан аса шығын кетті. Ол, тіпті, демеушілердің ақшасын есептемегенде, өз басымыздан миллионнан аса шығындалдық. Демеушілердің арқасында көп жеңілдік болды. Қонақүйлер, тамақ... Демеушілер болмаса, қонақүй бір күнінің өзі 180 доллар екен", - деді тұрғын.

Кіші қажылығын әупірімдеп жүріп өтеген азамат Меккеде "Кәусар тревел" алдап кетті деген 70 шақты адамды кезіктірдім дейді. Бұл аздай, Алматы мен Шымкенттен қасиетті сапарға аттана алмай отырғандар көп. Олар тіпті полицияға да арыз жазған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары "Кәусар тревелдың" басшысына іздеу салып, күдікті Медет Мұратбайұлы Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды. 

"Мекке мен Медина қалаларына жолдама алып, 50-ге жуық адамды алдаған туристік агенттіктің басшысы ұсталды. Аталған жәйт бойынша ҚР қылмыстық кодексі 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды", - деді Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы полиция бөлімшесі тергеу бөлімінің бастығы Ерлан Ирбаев.

Турфирмаға алданғандардың нақты санын полицейлердің өзі айта алмай отыр. Себебі бұған дейін ұша алмағандары бар. Сондай-ақ мерзімінен қалып, ақшасын қайтара алмай жүргендерден өзге, алдағы ақпан айына ақша беріп қойған азаматтар да бар. Сондықтан қасиетті сапарға шығамыз деп сан соққандар саны күн санап өсіп жатыр.

Фото: Abilet.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл