«ҚазМұнайГаз» АҚ 2023 жылғы өндірістік көрсеткіштерін жариялады
20.05.2023
1 мин
0
696
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2023 жылғдың бірінші жартысындағы басты өндірістік көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 8,7%-ға артып, 5 961 мың тоннаға жетті;
Мұнай тасымалдау көлемі 3,0%-ға ұлғайып, 18 858 мың тоннаны құрады;
Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 8,1%-ға артып, 4 936 мың тоннаны құрады.
Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 8,7%-ға артып, 5 961 мың тоннаға (тәулігіне 499 мың баррель) жетті. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 12,3%-ға 2 410 млн м³ дейін ұлғайды.
Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемі 0,8%-ға ұлғайып, 1 469 мың тоннаны (тәулігіне 130 мың баррель) құрады. Ілеспе газ өндіру 0,1%-ға артып, 811 млн м³ құрады.
Мұнайды магистральмен және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 3,0%-ға 18 858 мың тоннаға дейін ұлғайды.