Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп ғимараттарының мүшкілдігі және қазақ мектептерінің жағдайы туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депуттатың айтуынша, апаттық жағдайда тұрған мектеп ғимаратының жағдайын ата-аналар хатынан оқыған. Риддердегі алғашқы қазақ мектебі «Желтоқсан» оқиғасынан кейін 1987 жылы кешкі мектеп болып ашылған. Бірақ Кеңес дәуірінен оңалып кетпеген.
«550-ге жуық қазақ баласы 1936 жылы және 1952 екі ескі, тозығы жеткен ғимаратта оқып жатыр. Қазақ елінде қазақ мектебі 20 жылдан бері ғимарат сұрап келеді. Риддерде 16 мектептің біреуі ғана қазақша, үшеуі аралас мектеп. Қазақша мектеп жетіспегендіктен қазақ балаларына дискриминация жасалып, оқуға жағдай жасалмаған. Бірақ соның өзінде қазақ мектебі қаладағы ең үздік мектеп. Қазақстанның 100 мектебі рейтингіне енген», - деді депутат Қазыбек Иса.
Депутаттың айтуынша, бастапқыда қазақша деп салынған мектептер құжатта бұрмаланып, аралас мектеп болып өзгертіліп кеткен. Ұсыныс ретінде, балаларға жаңа ғимараттар беріп, Кеңес империясы енгізген аралас мектептер жүйесін толық тоқтату керек екенін жеткізді.