Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте ақшаны қолдан жасаған тұрғын 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов айтты.
«Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Э. деген азаматқа қатысты жалған 9 300 АҚШ долларын өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айрылды», - деді ол.
ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноттары мен монеталарын, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, шетел валютасын немесе ондағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтаумен айналысқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша жазаланады.
Заң бұзушының жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне қарай мүлкі тәркіленеді немесе 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
фото: kazvedomisti.kz