Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қорғаныс министрлігі кәсіпкерлерге 1 млрд теңге қарыз
Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі кәсіпкерлерге 1 млрд теңге қарыз

27.04.2021
1 мин
0
2883

Қорғаныс министрлігінің төңірегінде шу шықты. Ведомствоға қарасты ұйым сексеннен астам жеке компанияға 1 миллиард теңге қарыз болып шықты. Берешекті бірнеше айдан бері ала алмай жүргендер Нұрлан Ермекбаев отыратын ғимаратқа барып, ақшаны қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Dauletten.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі маңына 1 миллиард теңге алашағы бар 85 мердігер жиналды. Бас қосқаны сол еді, бірден полицейлер мен шенеуніктер жетіп келді.

Бірақ, жиналғандар өздерінің шерушілер емес, тендер жеңімпаздары екендіктерін полицейлерге түсіндірді. Сөйтті де, министрліктің "Әскери Құрылыс" атты еншілес компаниясы жасатарын жасатып алып, қаржысыз қалдырды дегенді айтты.

Ерлан Шілдебаев, кәсіпкер:

Біздің айтарымыз, мынау қарызды төлесін деп. "Әскери Құрылыс Астана" ЖШС бар, "Әскери Құрылыс" АҚ бар, біздің қарызды өтеп берсін. Бәріміз кредит алып, машинасын тігіп, квартирасын салып, өз қаражаттарына жұмыс жасады. Сол жұмыстың қаржысын күте алмай жатырмыз.

Қарулы күзеті бар, стратегиялық нысан маңына құжыныған жұртты көргенде Нұрлан Ермекбаевтың қоластындағылар да далаға шықты. Шенділер 1 миллиард теңге төңірегіндегі былыққа "Әскери Құрылыс" жанынан құрылған "Әскери Құрылыс Астана" атты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегілер кінәлі екенін айтты. Қазір министрлік ішінде тергеп-тексеру де басталыпты.

Нұрлан Ермекбаевтың орынбасары мердігерлер қалайда ақшаларын алады дейді. Бірақ, ол үшін уақыт керек. Сондай-ақ Мұхамеджан Таласов "Әскери Құрылыс Астана"-дағы проблема 2016 жылы басталғанын айтады. Компания соңғы төрт жылдан бері ішкі қаржылық проблемасын шешіп келіп, биыл тығырыққа тірелген. Мұны ұйымның су жаңа директоры да растады.

Қысқасы, 85 мердігер мыңнан аса жұмысшысына әзірге өз қалталарынан қаржы төлеп отыр. Араларында мүлдем ақшасыз қалып, нәпақасын ала алмағандардан қоқан-лоққы көріп отырғандар да бар екен. Тендерде жеңгендер, әсіресе, кірісті санайтын органдар есепшотты бұғаттап, қинап жатыр, дейді. Ал, министрліктегілердің жеке кәсіпті тексеруге мораторий болған соң, уақтылы "Әскери Құрылыс Астана"-ның қызметіне араласып, тексере алмадық, "сәл күте тұрыңыздардан" басқа айтары жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл