| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қосшы қаласын газдандыру жобасы толық іске қосылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Нәтижесінде қаладағы барлық шағын ауданның, сондай-ақ «Лесная поляна» тұрғын алабы мен Diamond Park тұрғын қалашығының 72 мыңға жуық тұрғыны табиғи газға қол жеткізді.
Жобаның соңғы кезеңдері аясында 194 шақырым газ құбыры және 24 шкафтық газ реттеу пункті пайдалануға берілді. Жалпы Қосшы қаласында 357 шақырымнан астам газ тарату желілері салынып, 45 газ реттеу пункті орнатылды.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының 24 елді мекені табиғи газбен қамтылған. Ал 2027–2028 жылдары Аршалы және Целиноград аудандарындағы тағы 12 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр.
Қазақстанда газдандыру деңгейін 2035 жылға қарай 80%-ға жеткізу көзделген.