Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қосшыда бір апта бұрын жоғалған 16 жастағы қыз әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақмола облысы Қосшы қаласының полиция бөліміне 21 қазанда жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған қызы Сарсенова Дильназ Ерланқызы 19 қазанда таңертең үйден шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмағаны туралы өтінішпен жүгінген.
Полицияның дерегіне сенсек, қыздың бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп, кейін оралғаны анықталды. Сонымен қатар ол – мүмкіндігі шектеулі жан.
Sinegor.kz порталының жазуынша, қызды алдымен әкесі өз бетінше іздеп көрген, алайда нәтижесіз болған соң құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.
ПОЛИЦИЯ КӨМЕК СҰРАЙДЫ
Қыз үйден шығып кеткен кезде сұр пальто, қара түсті аяқ киім киген. Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, арық, қоңыр түсті шашы иыққа дейін жетеді.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Дильназды іздестіруге көмектесуді сұрайды.