Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қосшы қаласында ересек ер адамның 10 жасар баланы ұру оқиғасына қатысты полиция тергеу жүргізуде.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 30-ында Қосшы қалалық ПБ кезекші бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үй ауласында 10 жасар ұлына дене жарақатын салған 40 жастағы ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады.
Анықталғандай, үй ауласындағы ойын алаңында кәмелеттік жасқа толмаған екі бала арасында жанжал болған. Кейін балалардың бірі әкесіне айтып, шағымданған. Ер адам арыз берушінің ұлын бет тұсынан жұдырықпен ұрған. Бала ата-анасына болған жағдай туралы хабарлаған.
«Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 8-бөлімшесі «Кәмелетке толмаған балаға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді ведомстводан.